Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында семинар

2026 жылғы 20 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн казиноларға ставкалар қоюға және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және тұрмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қызметтік автомашиналардың мақсаты бойынша пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің дресс кодына назар аудару және басқа мәселелерге ерекше назар аударылды.

 

Дата публикации
23 февраля 2026