2026 жылғы 20 ақпанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбындағы семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн казиноларға ставкалар қоюға және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және тұрмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қызметтік автомашиналардың мақсаты бойынша пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің дресс кодына назар аудару және басқа мәселелерге ерекше назар аударылды. Түсіндіру жұмыстары әкімдіктің басшылық құрамымен де жүргізілді.

