Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімімен түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 5 ақпанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыста және тұрмыста мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни мәселелерге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, қызметтік автокөлікті мақсаты бойынша пайдалануға және басқа да көптеген мәселелерге ерекше назар аударылды. Спорт басқармасы бойынша әлеуметтік желілердегі соңғы жағымсыз жарияланымдарға байланысты мемлекеттік қызметшілерге әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу қажеттілігі туралы түсіндірілді.

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2026