
Құрметті жерлестер!
Сіздерді жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтаймын!
Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының 2005 жылғы қыркүйек айында Будапешт қаласында өткен Бас конференциясында белгіленген бұл күннің мақсаты – азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру.
Кез келген елдің саяси өмірінде сайлау маңызды рөл атқарады. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің Ата заңында оны жүзеге асырудың ережелері мен нормаларына ерекше басымдық береді.
Біздің елімізде де отандық сайлау жүйесі демократиялық принципке сай ашық әрі заң шеңберінде өткізіліп келеді. Бұл ретте саяси өзгерістер сайлаудан бастау алуда. Қазіргі таңда халық тек Президент және Парламент депутаттарының сайлауына қатысуға ғана емес, сондай-ақ ауыл, қала мен аудан әкімдерін тікелей сайлауға мүмкіндік алды.
Алдағы уақытта да сайлауға қатысушылар азаматтық ұстанымдарын айқын көрсетіп, еліміздің демократиялық жолымен дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдімін.
Қайрат НҰРКЕНОВ,
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы