Сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандары сайлау комиссияларының қаулыларымен:

Абай ауданының Есенгелді ауылдық округі;

Бұқар жырау ауданының Ақөре ауылы, Көкпекті ауылдық округі;

Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов, Қоянды ауылдық ауылдық округтері;

Нұра ауданының Құланөтпес ауылы;

Осакаров ауданының Қарағайлы ауылдық округі әкімдерін сайлау 2026 жылдың 1 наурызына тағайындалғанын хабарлайды.

Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 января 2026