2026 жылғы 15 қаңтарда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Приозерск қаласы әкімі М.Т.Ахметовпен лауазымдық міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәселесі бойынша жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұжымда іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметкерлер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, қызметтік автокөлікті тек жұмыс мәселелері бойынша пайдалануға және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды.
