2025 жылғы 19 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Теміртау қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Қалалық бөлімдердің басшыларына және әкімі аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, іскерлік киім үлгісін сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, діни қатынастар мәселелері, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілердің жол берілген теріс қылықтары мен қылмыстық құқық бұзушылықтары талқыланды, олар үшін әртүрлі құқықтық жауапкершілік көзделгені айтылды.

