2025 жылғы 18 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова Қарағанды қаласы әкімдігінің басшылық құрамымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, Әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қосымша табыс алу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілердің белгіленген теріс қылықтары және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер талқыланды, олар үшін тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, әртүрлі құқықтық жауапкершілік көзделген.