Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен семинар

2025 жылғы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында «zoom» режимінде семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту және т. б. бойынша түсініктемелер берілді.

 

Дата публикации
30 декабря 2025