Тілдерді дамыту басқармасында семинар

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Тілдерді дамыту басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметкерлеріне еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, іскерлік киім үлгісін сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, діни қатынастар мәселелері, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілердің жол берілген теріс қылықтары мен қылмыстық құқық бұзушылықтары талқыланды, олар үшін әртүрлі құқықтық жауапкершілік көзделгені айтылды. Семинарға басқарма басшысы А.Қ.Шалабаева қатысты.

 

Дата публикации
30 декабря 2025