2025 жылғы 20 қарашада Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Шахтинск қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінің әкімдерімен семинар өткізді. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді сақтауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту, діни мәселелер бойынша және тағы басқалар бойынша түсіндірмелер берілді.
