Қарағанды облысының білім басқармасында семинар

2025 жылғы 19 қарашада Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының білім басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту және т.б. бойынша түсініктемелер берілді. Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің теріс қылықтары және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер талқыланды, олар үшін тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, әртүрлі құқықтық жауапкершілік көзделген.

 

Дата публикации
24 декабря 2025