Қарағанды облысы мәслихатының депутаты С.Ш.Шәймағанбетті тіркеу туралы

 

«Қарағанды облысы мәслихатының
депутаты С.Ш.Шәймағанбетті тіркеу туралы»
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
05.12.2025 жылғы № 4 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45, 46-баптарына, 111-1-бабының 6-тармағына, 112-бабына және «Aуыл партиясы» Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңес Президиумының 2025 жылғы 4 желтоқсаның № 16 хаттамасына сәйкес Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарағанды облыстық мәслихаты депутатының бос мандаты «Ауыл партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шәймағанбет Сұлтан Шоқанұлына берілсін.
  2. Сұлтан Шоқанұлы Шәймағанбет «Aуыл партиясы» Қарағанды облыстық филиалының партиялық тізім бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
  3. Тіркелген депутатқа депутат куәлігі мен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
  4. Депутаттың тіркелгені туралы хабарлама сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

Комиссия төрағасы                                                   Қ. Нүркенов

Комиссия хатшысы                                                   А. Акпанова

Дата публикации
09 декабря 2025