«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлау және жариялау тиіс екендігін еске саламыз.