Қарағанды облысы мәслихатының депутаты Н.Э.Мунасиповты тіркеу туралы

 

«Қарағанды облысы мәслихатының
депутаты Н.Э.Мунасиповты тіркеу туралы»
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
28.10.2025 жылғы № 3 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45, 46-баптарына, 111-1-бабының 6-тармағына, 112-бабына және «AMANAT» партиясы» Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2025 жылғы 14 қазандағы №015PQ қаулына сәйкес Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарағанды облыстық мәслихаты депутатының бос мандаты «АMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Наиль Эльдусович Мунасиповқа берілсін.
  2. Наиль Эльдусович Мунасипов «AMANAT» партиясы» Қарағанды облыстық филиалының партиялық тізім бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
  3. Тіркелген депутатқа депутат куәлігі мен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
  4. Депутаттың тіркелгені туралы хабарлама сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

Комиссия төрағасы                                                   Қ. Нүркенов

Комиссия хатшысы                                                   А. Акпанова

Дата публикации
05 декабря 2025