Сайлауды тағайындау туралы

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Нұра, Шет аудандары сайлау комиссияларының қаулыларымен:

Нұра ауданының Изенді ауылы, Көбетей ауылдық округі;

Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі
әкімдерін сайлау 2025 жылдың 2 қарашасына тағайындалғанын хабарлайды.

Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 сентября 2025