2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, отбасыларды қолдау орталықтары мен жастар денсаулық орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде, Ұлттық комиссия мүшесі Әзиза Тимурқызы Шөжеева мониторингтік топпен бірге Қарағанды облысының орталықтарына барды.
Мониторингтіктоптыңқұрамынаденсаулық сақтау және жұмыспен қамтудыүйлестіружәнеәлеуметтікбағдарламалар басқармаларының, ХалықтыәлеуметтікқорғаусаласындағыреттеужәнебақылаукомитетініңҚарағандыоблысы бойынша департаментінің өкілдері, Әйелдерістеріжәнеотбасылық-демографиялықсаясатжөніндегіоблыстықкомиссияныңмүшелері кірді.
Мониторингтіңмақсаты - отбасылыққұндылықтардынығайтуға, ажырасудың,ертенекенің алдын алуға, өзденсаулығына жауапкершілікпен қараудықалыптастыруға, саналыата-ана,әке болу идеяларынілгерілетугебағытталғанорталықтарқызметіментанысужәнетиімділігінбағалау.
Қазіргі уақытта облыста 10 Отбасын қолдау орталығы (7 – ҚМУ нысанында - Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандары), 3-мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде – Саран қаласы, Шет және Қарқаралы аудандары) және 5 Жастар денсаулық орталығы (Қарағанды - 2, Теміртау, Балқаш, Шахтинск) жұмыс істейді.
Соныменқатар,2023жылдыңтамыз айынан бастап полициядепартаментіжанынанотбасынакөмек көрсетудің бірыңғайорталығыашылды.
Осакаров және Шет аудандарында, Теміртау, Қарағанды және Балқаш қалаларында орналасқан орталықтардың қызметімен мониторингтік топты қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиялардың төрағалары, орталықтардың басшылары таныстырды
Орталықтардың қызметін зерттеу және бағалау жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады.
