Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандағы әкімдігінде семинар

2025 жылғы 22 шілдеде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, ұжымдағы іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметшілерге спортқа ставка қоюға және казино ойнауға тыйым салу және т.б. бойынша түсініктемелер берілді.

 

 

 

Дата публикации
25 июля 2025