2025 жылғы 11 шілдеде Қарағанды облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекимова Осакаров ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің еңбек және орындаушылық тәртібі, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, іскерлік киім стилін ұстану, әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол бермеу, діни қарым-қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, қосымша табыс табу мақсатында құмар ойын мекемелеріне баруға тыйым салу, Қазақстанда құмар ойынға тәуелділікпен күресті күшейту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, басқа да маңызды тақырыптар қозғалды.


