Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинарКарагандинской области

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар

2025 жылғы 10 шілде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді сақтауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, діни мәселелер бойынша, қызметтік автокөлікті пайдалану және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Семинар жұмысына жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхтар Т.Қ. қатысты.

 

Дата публикации
15 июля 2025