Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы селекторлық режимде өтті, оған облыстық және аудандық комиссиялардың мүшелері қатысты.
Комиссия төрағасы Ә.Әлденей әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жемісті жұмысы үшін Л.Қожахметоваға алғысын білдіріп, жаңа жұмысқа табыс тілеп, Құрмет грамотасын табыс етті.
Отырыста мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы жобалар мен іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру және орналастыру кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланды. Отбасы - бұл біздің қоғамымыздың негізі және жеке азаматтардың ғана емес, жалпы мемлекеттің әл-ауқаты отбасы институтын қаншалықты тиімді қолдайтынымызға байланысты.
Іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларының басшылары (Ұ.Адепбеков пен А.Ерниязова) сөз сөйледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тақырыбы мен тиімділігін талқылауға комиссия мүшелері қатысты (Н.Букетова, Т.Резвушкина, М.Шиллер). Жобалардың тиімділігін бақылау, талдау, бағалау бойынша ұсыныстар енгізілді.
Жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Аналар кеңесінің, Әкелер одағының, «Сенімен болашақ» төрағалары (А.Қиясова, Ж.Әнуарбеков, И.Тоқмұрзина) сөз сөйледі.
Отырыста ҚР Ішкі істер министрінің Алғыс хаты комиссия хатшысы Ғ.Карисоваға табыс етілді.







