2025 жылғы 30 маусымда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мәселесі бойынша семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стилін қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-дағы ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге, діни мәселелерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге шектеулерді сақтауға және т. б. ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Р. Ламбеков қатысты.
