2025 жылғы 16 мамырда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Көптеген мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді - мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, киімдегі іскерлік стильді қолдау, жұмыста да, тұрмыста да әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілерге қосымша табыс алуға тыйым салу, оның ішінде казино мен спортқа ставкалардан, ҚР-дағы «лудомания» ойынға қарсы күресті күшейту және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды.
