Халықаралық Отбасы күнінде Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында «Отбасы ағашы» акциясы өткізілді, ол «Мерейлі отбасы-2025» Ұлттық байқауының салтанатты бастамасы болды.
Облыс орталығында іс-шараны облыс әкімдігінің қолдауымен Қарағанды облысының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы ұйымдастырды. Акцияға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері; өткен жылдардағы «Мерейлі Отбасы» ұлттық конкурсына қатысушы отбасылар: Смақанова Бибігүлдің отбасы – көп балалы ана, 2023 жылғы «Мерейлі Отбасы» конкурсының жеңімпазы, Катаевтар отбасы, екеуін тәрбиелеп, тағы алты баланы патронаттық тәрбиеге алған; этномәдени бірлестіктері; кәсіподақ бірлестіктері мен жастар ұйымдарының өкілдері; ҮЕҰ, мәслихат депутаттары, еріктілер мен белсенділер қатысты.
Қатысушылар Қарағанды қаласының Таугүл шағын ауданындағы жаңа алаңды көркейтетін және отбасылық құндылықтардың беріктігінің, қамқорлық пен адалдықтың, бірлік пен өзара түсіністіктің символына айналатын терек көшеттерін отырғызды.
«Отбасы ағашы» акциясы облыстың қалалары мен аудандарында өтті.





