Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында семинар

2025 жылғы 17 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Көптеген мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді - мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, киімдегі іскерлік стильді қолдау, жұмыста да, тұрмыста да әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілерге қосымша табыс алуға тыйым салу, оның ішінде казино мен спортқа ставкалардан, ҚР-дағы «лудомания» ойынға қарсы күресті күшейту және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы А.Қ.Сұлтанғали қатысты.

 

Дата публикации
08 мая 2025