2025 жылғы 30 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының экономика басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге және т. б. ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының экономика басқармасы басшысы Т.Ю.Аблаева қатысты.
