2025 жылғы 2 сәуірде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды, қызметтік автокөлікті дұрыс пайдалану, ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметшілерге спортқа ставка қоюға тыйым салу, қосымша табыс алу үшін онлайн және офлайн казино ойнауға тыйым салу бойынша түсініктемелер берілді және т.б. сұрақтар.
