«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының 2025 жылгы 20 наурыздағы «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 73-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 27-б бұйрығы

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 - 2027 жылдарға арналған  бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 73-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы 3 тарауына, «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы ХХ сессиясының № 234 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы XXIV сессиясының № 273 шешіміне сәйкес, қаржыландыру көлемінің және нәтижелер көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 73-б бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) аталған бұйрыққа 1 қосымша осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

2) аталған бұйрықтың 1-тармағындағы «007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары», осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;» деген жолы алынып тасталсын.

  1. Аталған бұйрыққа 3-қосымшаның күші жойылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Е. Галиев                                                                                          

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қарағанды облысының қаржы

басқармасы» ММ басшысы  

________________Л. Башарина

2025 ж. «____»________________

Приказ руководителя ГУ «Аппарат акима Карагандинской области» № 27-п от 20 марта 2025 года «О внесении изменений в приказ руководителя государственного учреждения «Аппарат акима Карагандинской области» от 20 декабря 2024 года № 73-п «Об утверждении бюджетных программ государственного учреждения «Аппарат акима Карагандинской области» на 2025-2027 годы»
Дата публикации
30 апреля 2025