2025 жылғы 24 сәуірде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Сараң қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, ұжымдағы іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметшілерге спортқа ставка қоюға және казино ойнауға тыйым салу және т. б. бойынша түсініктемелер берілді.


