2025 жылғы 11 сәуірде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Бұқар Жырау ауданының экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшыларымен және қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттары мен стандарттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге ҚР Әдеп кодексін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
