2025 жылғы 11 сәуірде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту және т. б. бойынша түсініктемелер берілді.


