Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 3 тармағына, 113-1-бабына сәйкес Теміртау қаласы, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандары сайлау комиссияларының қаулыларымен:
Теміртау қаласының Ақтау кенті;
Қарқаралы ауданының Бақты ауылдық округі;
Осакаров ауданының Родников ауылдық округі;
Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдерін сайлау 2025 жылдың 18 мамырына тағайындалғанын хабарлайды.
Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы