Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында семинар

2025 жылғы 12 наурызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Ж. Сапиев қатысты.

 

Дата публикации
14 марта 2025