Абай ауданы әкімдігінде семинар

2025 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Абай ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға,  әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту және т.б. бойынша түсініктемелер берілді. Семинарға Абай ауданының әкімі С.Т. Оспанов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

 

 

Дата публикации
12 марта 2025