2025 жылғы 28 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салуға, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейтуге және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Т.Т. Досаев қатысты.
