Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында семинар

2025 жылғы 21 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді сақтауға, Әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге және т.б. сұрақтарға ерекше назар аударылды.

 

 

Дата публикации
03 марта 2025