2025 жылғы 5 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының қаржы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, ұжымдағы іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және т.б. ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының қаржы басқармасының басшысы Л.В. Башарина қатысты.

