2025 жылғы 13 ақпанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткіздіЕңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға, қосымша табыс алу үшін онлайн, офлайн және спортқа ставкалар қоюға және мемлекеттік қызметкерлер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және тұрмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы И.Ю. Любарская қатысты.
