2024 жылғы 19 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Теміртау қаласының мемлекеттік органдарының басшыларымен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек, атқарушылық тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, қызметтік әдеп стандарттарын сақтау бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ діни мәселелер бойынша түсіндірулерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, қызметтік автокөлікті тек мақсаты бойынша пайдалануға және т. б. сұрақтарға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда, әсіресе мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

