Осакаров ауданы әкімдігінде семинар

2024 жылғы 5 желтоқсанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Осакаров ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдарының басшыларымен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, қызметтік автокөлікті тек мақсаты бойынша пайдалануға ерекше назар аударылды. Діни мәселелер, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда, әсіресе мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
13 декабря 2024