2024 жылғы 22 тамызында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының білім басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа, діни мәселелерге қарсы іс-қимылға, қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.