Шет ауданының әкімдігінде семинарлар

 

2024 жылғы 19 қарашада Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова мемлекеттік органдардың басшыларымен және ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, қызметтік автокөлікті тек мақсаты бойынша пайдалануға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, діни мәселелер, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту бойынша түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда, әсіресе мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

 

 
 
 

 

Дата публикации
25 ноября 2024