2024 жылғы 15 қарашада Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.Ғ.Әйешовтың төрағалығымен облыстық басқармалар, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктері басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізілді. Қызметтік автокөліктермен жол жүру ережелерін бұзу фактілері бойынша жүргізілген талдауға сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілерге әрбір бұзушылық үшін дербес жауапкершілікті бекіту, қызметтік көлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін орындау үшін пайдалану тапсырылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, оның ішінде мерекелер қарсаңында (атқарушылық және еңбек тәртібі, моральдық-этикалық нормаларды сақтау және т.б.) және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берілді.