Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасында семинар

2024 жылғы 13 қарашада облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді. Семинарға Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы С.М.Әбеуова қатысты.

 

 

Дата публикации
21 ноября 2024