Шахтинск қаласы әкімдігіндегі семинар

2024 жылғы 14 қарашасында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова  Шахтинск қаласының әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді. Семинарға әкімдіктің қалалық бөлімдерінің басшылары қатысты.

В целях профилактики и недопущения нарушений законодательства в сфере государственной службы, противодействия коррупции и Этического кодекса даны рекомендации по поведению государственных служащих  в различных ситуациях. В семинаре приняли участие руководители городских отделов акимата.

 

 

Дата публикации
18 ноября 2024