2024 жылғы 22 қазанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Абай қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік этика, еңбек, орындаушылық тәртіп стандарттарын сақтау, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салу және ойынға тәуелділікпен – лудоманиямен күресті күшейту және тағы басқа мәселелер түсіндірілді.