2024 жылғы 22 қазанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Абай ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп, еңбек, орындаушылық тәртіп стандарттарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен – лудоманиямен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.