Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасында семинар

2024 жылғы 15 қазанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік этика стандарттарын сақтауға, діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділік - лудоманиямен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді. Семинарға Ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Р.Бикенов қатысты.

 

 

Дата публикации
16 октября 2024