Республикалық форумға қатысу

2024 жылғы 10-11 қазанда Түркістан қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Мемлекеттік қызмет минез-құлқының жаңа моделі: әділдік, ашықтық, әдеп» әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форумның ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы - Дархан Жазықбай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Парламент Сенатының депутаты - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұрторе Жүсіп, ҚР МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Бибігүл Ағыбаева, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметінің ардагерлері қатысты. Форумның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру мәселелерін талқылау. Агенттік Төрағасы халыққа қызмет ету идеясына негізделген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке қасиеттерін қалыптастыру сияқты мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Әрбір мемлекеттік қызметкер ант берген кезде адал, әділ және өз міндеттерін мінсіз орындауға уәде береді. Ант қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі болып табылады және қоғамға қызмет ету, елдің мүдделерін қорғау және жоғары моральдық құндылықтарға сәйкес әрекет ету міндетін көрсетеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етіп, объективті шешімдер қабылдауға тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын жетілдірудің жаңа тәсілдері мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген. Әдеп жөніндегі уәкілдер институтына оны іске асыру бойынша маңызды міндет жүктеледі.

 

 

 

Дата публикации
15 октября 2024