Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында семинар

2024 жылғы 1 қазанда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруға тыйым салуға және ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

Дата публикации
04 октября 2024